18 Тамыз 15:46

Илон Масктың байлығы артты

Фото:

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск алғаш рет әлемнің ең бай 4 адамының қатарына кірді.

Алматы, NEGE. Tesla акцияларының кешегі раллиі бизнесменнің байлығын шамамен 8 миллиардқа арттырды да, 84,8 миллиард долларға жетті.

«Дүйсенбі күні Tesla акциялары 11 пайызға қымбаттап, рекордпен жабылды. Нәтижесінде Масктің байлығы 7,8 миллиард долларға көбейді. Енді кәсіпкер әлемдегі ең бай адамдар тізімінде төртінші болып тұр», – деп жазады Блумберг. 

Әлемнің ең бай адамдарының тізімін 188 миллиард доллармен Amazon компаниясының басшысы Джефф Безос бастап тұр. Екінші орында Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс, оның 121 миллиард доллары бар. Үшінші болып Facebook басшысы Марк Цукерберг 99 миллиард долларымен тұр. Ал Louis Vuitton Moët Hennessy компаниялар тобының президенті Бернара Арно 84,6 миллиард доллармен бесінші орынға ығысты.

Енді BBI рейтингінің алғашқы төрт орнында америкалықтар тұр.

Тегтер: