USD
USD
USD

Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында АҚШ әскери қоймасы өртенді

Корея Респуликасының оңтүстік-шығысындағы Пусан қаласында АҚШ әскерін қамтамасыз ететін 55-ші қоймадан өрт шықты. Бұл туралы жергілікті KBS телеарнасы хабарлады, деп жазды Kazinform.

Пусан
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қойма қаланың орталығында орналасқан. Ол жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30-да жана бастаған.

Пусандағы өрт пен табиғи апаттармен күрес штабы әрекет етудің бірінші деңгейін жариялап, өртті сөндіруге көшкен. Алайда кейінірек олар әрекет деңгейін екіншіге дейін көтерген. Оқиға орнына шамамен 50 өртке қарсы техника мен 160 адам жұмылдырылған.

«Өрт АҚШ әскери қоймасының бірінші қабатындағы мұздатқыш бөлімінен шыққан деген болжам жасалып отыр. Өрт сөндірушілердің сөзінше, ол кезде қойманың ішінде сантехникалық жұмыстар жүріп, құрылыс материалдары мен уретан және резіңкелер реттеп қойылып жатқан»,-деп хабарлады телеарна.

Әзірге зардап шекккендер туралы мәлімет жоқ.

55-ші әскери қоймада АҚШ әскери техникалары тұрғаны айтылады.

Қазір оқып жатыр

Астанада кішкентай бала көлікпен дәмханаға соғылды

Көлік апаты

Түркістанда ойын алаңында екі әйел төбелес шығарып, бірі дене жарақатын алды

Күдікті әйел

Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

Инспекторлар, аңшылар және жануарлар ұшасы

Алматы – Өскемен тас жолын жөндеген мердігер мемлекетке 115 млн теңгеден астам шығын келтірген – прокуратура

жол жөндеу