15 Шілде 14:20

Қайрат Нұртас: «Тойды көре алмадыңдар, енді бәрі өліммен бітіп жатыр»

Фото:

Қазақстандық шоу-бизнес өкілі Қайрат Нұртас той-томалақтарды болдырмауды ұсынып жүргендерге қатысты ойын білдірді.

Алматы, NEGE. Ол бұл ойымен «ShowNewsKZ» бағдарламасында бөлісті. 

«Тойға қарап қалған түгіміз жоқпыз. Бізді көбісі «той әншілері» деп менсінбей жатады ғой. Біз тойға не үшін барамыз? Той - ол қазақтың қазынасы. Сол тойда кездесесің, жақындарыңмен қауышасың», - деді Қайрат Нұртас. 

Әнші тойды екі жылға шегеру туралы ұсыныспен мүлдем келіспейтінін жеткізді. 

«Сол тойды көп көрдіңдер. Не болды соңында? Өліммен бітіп жатыр бәрі. Осы тойды көре алмағандар, арты не болды? Өлім болып жатыр. Қызық емес болып жатыр. Тойға тыйым салуға түбегейлі қарсымын», - деді Қайрат Нұртас.

Тегтер: