6 Қараша 10:19
...
Владимир Путин келесі аптада Қазақстанға келеді

Келесі аптада Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға келеді.
Алматы, NEGE. Ресей арнасында Путиннің келесі аптаға арналған кестесі айтылды. Соның ішінде Путиннің Қазақстанға сапары жоспарланған.
Ресей басшысының алдағы сапары туралы журналист Павел Зарубин өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
Журналист кездесудің егжей-тегжейін айтпады, бірақ Франция президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға жақында жасаған сапарына назар аударды.
Бұған дейін Қостанайда өтетін Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы шекаралық ынтымақтастықтың ХІХ өңіраралық форумы аясында Путиннің Қазақстанға келетіні айтылған болатын.