28 Сәуір 15:31

Қазақстанда күн күрт суытып, үсік жүреді

Фото:

«Қазгидромет» РМК 29 сәуір мен 1 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады, жел күшейеді. Елдің орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Сондай-ақ Скандинавия аудандарынан антициклонның келуімен Қазақстан аумағында ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Солтүстік жартысында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-15 градусқа дейін, оңтүстік жартысында түнде 7-15 градусқа дейін, күндіз 18-28 градусқа дейін жылы болады.

Тегтер: