20 Ақпан 15:49

Қазақстанда 11 жастағы қыздарға папилломаға қарсы екпе салынуы мүмкін

Фото:

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесіне толықтыру әзірледі.

Алматы, NEGE. Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында 11 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына (бұдан әрі – АПВ) қарсы вакцина салу жоспарланған.

Бұл жағдайда вакцина қыздың екпе салдыруға келісімін алғаннан кейін салынады.

«Адам папиллома вирусына қарсы егу қажеттілігі және асқынудың басқа да қауіп факторлары туралы ақпараттық науқан жүргізу арқылы инфекциялардан туындайтын онкологиялық аурулардың алдын алуды қамтамасыз ету. 11 жастағы жасөспірім қыздарды адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. Нысаналы топтың кем дегенде 95%-ын қамтамасыз ету», — делінген құжатта.

Айта кету керек, адам папиллома вирусы әйелдерде жатыр мойны обырының негізгі факторларының бірі. HPV-ге қарсы вакцинация болашақта аурудың алдын алуға көмектеседі. Дегенмен, бұл қыздың жыныстық өмірі басталғанға дейін жүзеге асырылуы керек, сондықтан вакцинация үшін ерте жас таңдалды, яғни, 11 жас.

Құжат 3 наурызға дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Тегтер: