USD
USD
USD

Елдос Сметов әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады

Дзюдодан Әбу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Сметов ширек финалда сүрінді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Елдос Сметов
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. 60 келі салмақтағы ширек финалдық белдесуде Сметов ресейлік Аюб Блиевпен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жек қосымша уақытқа дейін созылып, ресейлік спортшы жеңіске жетті.

Енді Сметов турнирдің жұбаныш белдесуіне қатыспай, бірден қола медальға күресу мүмкіндігін алды. Себебі, оның жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы, франциялық Ромен Валадье Пикар жарыстан шеттетілді.

Айта кетелік, бұл салмақтағы тағы бір өкіліміз Нұрқанат Серікбаев үшінші кезеңде жеңіліс тапты.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен

Дания Еспаева: 2027 жылғы бюджетте қауіпсіздік қоры жоқ

Дания Еспаева

Бақытжан Базарбек қатысқан жол апатында зардап шеккен ер адам ауруханадан шықты

Нұржігіт Қошановтың ауруханадан шыққан сәті

«12 мың адам көрген»: TikTok-та былапыт сөз айтқан семейлік әйел 5 тәулікке қамалды

бес тәулікке қамалды