USD
USD
USD

Павлодарлық лудоман психикалық ауытқуы бар қыздың атына несие рәсімдеген

Барлық қаражатты қарыз шотына және букмекерлік кеңселерге аударған. Оған қоса жәбірленушінің 79 мың теңге жәрдемақысын алып қойған, деп хабарлады Kazinform.

Полиция
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Павлодарда психикалық ауытқуы бар қызды арбап, оның атына жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам несие рәсімдеген лудоман ұсталды.

Құмар ойынға құмартушы тұрғын үйдің ауласында психикалық ауытқуы бар қызбен танысып, оны пайдаланып кеткен. Жәбірленушіні суретке түсіріп, микроқаржы ұйымдарынан қыздың атынан 800 мың теңгеге жуық несие рәсімдеген. Барлық қаражатты қарыз шотына және букмекерлік кеңселерге аударған.

«Күдікті онымен тоқтамай қыздың атына техника дүкенінен 350 мың теңге тұратын ұялы телефонды несиеге рәсімдеген. Жәбірленушінің 79 мың теңге жәрдемақысын өзінің картасына аударып, кетіп қалған. Қыз бұдан соң полицияға жүгінді. Алаяқтық және ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Полицияның дерегінше, жыл басынан өңірде 400-ден астам алаяқтық фактілері тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті