USD
USD
USD

Ақтөбеде тасқыннан зардап шеккендерге 1 млрд теңгеден астам біржолғы төлем берілді

Ақтөбеде біржолғы әлеуметтік төлем ретінде 3 371 отбасына 1,1 млрд теңге төленді.

Теңге
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге арнап әлеуметтік төлем аударылып жатыр.

– Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері негізінде біржолғы әлеуметтік төлемге бүгінгі күні облыс бойынша 3371 құжат қабылданып, оларға 1,1млрд теңге тағайындалып, толық төлем жүргізілді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен оған қарасты аудандық бөлімдер мұнымен жұмысты тоқтатпақ емес. Егер қаржылай көмек туралы өтініш түсетін болса, толықтай тексерістен соң, оны төлейді, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, су тасқыны кезінде Ақтөбе қаласы мен 6 ауданда төтенше жағдай жарияяланды. Қазіргі кезде Ырғыз ауданында тасқынға қарсы күрес жұмысы жалғасып жатыр. Құйлыс пен Жайсаңбай ауылдарында бөгетті нығайтуға әскерилер, төтенше жағдайлар қызметі мен ауыл тұрғындары жұмылдырылған. Ал өзге аудандарда тасқын салдарын жою, үй салу жұмысы жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді