22 Қараша 23:14

«Қазақстан халқынан кешірім сұраймын!»

Фото:

Террористік ДАИШ құрамында 5 жыл соғысқан қазақ жігіті өкінішін жария етті

Алматы, NEGE. Шам жерінде соғысып, қазір түрмеде отырған Тұрлан Әбухайыр есімді Атырау тумасы Қазақстан халқынан кешірім сұрады. Анасы қайтыс болғаннан кейін қатты күйзеліп, дінге бет бұрмақ болған. Алайда, ол елімізде тыйым салынған теріс ағымдарға жетелейтін кітаптарды оқып, қарулы жиһадқа шақыратын бейнебаяндарды көптеп көрген. 2014 жылы ресейлік арна жаңалықтарынан «Ислам халифаты» құрылды деген жаңалықты ести сала, әйел-баласын алып, шет ел асқан. 

- Мені ешкім мәжбүрлеген жоқ, өз еркіммен кеттім - дейді ол, Adil ukim YouTube арнасына берген сұхбатында. – Әскери жаттығуды сол жақтағы қазақ жамағатында өткіздім. Түрлі соғысқа қатыстым, әскерде шабуылшы, кейін барлаушы болдым. Әскери әміріміздің бұйрығы бойынша мухаджирлер («көшіп келгендер» – араб.) күрдтер тұратын христиандар ауылына шабуыл жасадық. 

 

Әбухайыр күрдтердің қолына тұтқынға түсіп, «Жусан» арнайы операциясы аясында елге қайтарылды. Оған "Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру", "Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру", "Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу", "Террористік немесе экстремистік даярлықтан өту" баптары бойынша айып тағылған.

Кезінде қазақстандық мұсылмандарды Шамға келіп соғысуға үгіттеп видео-жолдау жасап жүрген жігіт, бүгінде сол ісіне, жасаған ауыр қылмысына өкінетіндігін айтып, Қазақстан халқынан кешірім сұрайды.

Тегтер: