29 Желтоқсан 11:38

Ел ұшақ апатынан қаза тапқандармен қоштасуда

Фото:

Алматы жұртшылығы Қазақстан генералдары кеңесінің төрағасы, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровпен қоштасты. 

Алматы, NEGE. 1940 жылы Семей өңірінде дүниеге келген Рүстем Қайдаров құқық қорғау органдарының ардагері. КСРО ІІМ құрметті қызметкері. Қазақ КСР ІІМ үздік тергеушісі. Құқық қорғау саласындағы еңбегі үшін «Парасат», «Достастық жұлдызы», «Еңбегі үшін», II дәрежелі «Отанға қызметі үшін» ордендерімен және КСРО, қазақстан, ресей, украина және Беларусь елдерінің 30-дан астам медалімен марапатталған.

29 желтоқсанда Алматының іргесіндегі Ащыбұлақ ауылында ұшақ апатында қаза тапқан Абай Нұрбековтің денесі жер қойнына тапсырылады. Абаймен бірге ұшақта оның отбасының бар мүшесі болған. Әйелі Нағима, 12 жастағы қызы Мәриям, 8 жастағы ұлы Әли, 10 жастағы Әділ, және үштегі Әдина есімді кенже қызы болған. Олардың бәрі қазір ауруханада түрлі дене жарақатымен жатыр. Бұл отбасы Абайдың Арқалықтағы ата-анасымен бірге жаңа жылды қарсы алмақ болып жолға шыққан.

Нұр-Сұлтан қаласында осы ұшақ апатынан көз жұмған әріптесіміз, Informburo.kz порталының редакторы Дана Круглованы туыстары, әріптестері және дос-жараны ақтық сапарға шығарып салды.

 

Тегтер: