4 Желтоқсан 17:44
...

«БАСТАУ-2022» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

Фото:

Алматыда Х «Бастау» халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі мәреге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24». Үздік фильмдер 18 аталым бойынша марапатталды.

Алматы, NEGE.О лардың қатарында отандық жаңа туындылар да бар. BASTAU DEBUTS бағдарламасы бойынша «Үздік фильм» бас жүлдесін Боливияның «Утама» фильмі еншіледі. Фестивальдің жаңа бағыты – азиялық фильмдерді қолдауға бағытталған NETPAK қазылар алқасы режиссер Өзбекстанның «Монтаж» фильмін үздік деп таныды. «Бастау» фестивалі президентінің арнайы жүлдесі  қырғызстандық «Әңгімеші» фильміне бұйырды.

«Фестивальдің кәсіптік деңгейі былтырғы фестивальдармен салыстырғанда өте жоғары. Сол себепті, фестиваль ең біріншіден көрермендердің көңілінен шыққан. Латын Америкадан, Африкадан, біраз деңгейі жоғары көркемдікті, кәсіптік деңгейі жоғары фильмдер жіберген», – дейді жоба авторы Сергей Азимов.

 «Үздік режиссер» жүлдесін «Плотина» фильмі үшін француз Али Черри иеленсе, актерлік шеберлік номинацияларын «Автобиография» фильмі үшін индонезиялық Арсвенди Бенинг Свара және «1976» картинасындағы чилилік Алин Куппенгайм жеңіп алды. Ал фестивальдің ең үздік қысқаметражды көркем фильмі жүлдесін қазақстандық режиссер Роман Черниковтың «Нина» фильмі жеңіп алды.

Биыл мерейтойлық фестивальде әлемнің 40-тан астам елінен 60-қа жуық фильм бақ сынады. Үздік картиналар 18 аталым бойынша марапатталды.

Тегтер: