17 Маусым 19:07

Банк картасына ұқыппен қарау керек

Фото:

Астана тұрғыны бөтен адамның банк картасын пайдаланғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Алматы, NEGE. «Полицияға 34 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны жүгінді. Оның банк картасынан ақша ұрланған. Өтініш беруші ұқыпсыздығы салдарынан биыл маусым айының басында банк картасын жоғалтып алған. Ол картадан ақша алынғаны туралы смс-хабарлама келген кезде ғана жоғалтқанын байқаған. Ақша ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында 20 жастағы елорда тұрғыны анықталып, қамауға алынды. Күдікті жауап беру кезінде банк картасын көшеден тауып алып, ақшаны өз қалауынша жұмсауды ұйғарғанын айтты. Әрекеттерінің қылмыстық іс екенін түсінбеген бойжеткен 35 000 теңгеге шопинг жасаған», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұл жағдайда қыздың әрекетінде ҚР Қылмыстық кодексінің 88-бабында (ұрлық) көрсетілген құқықбұзушылық белгілері байқалады.

Сонымен қатар, соңғы екі аптаның өзінде жоғалған банк карталарынан ақша ұрлағаны үшін бес адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Барлық жағдайда банк карталарын тауып алған тұрғындар адал жолдан тайып, пайданы ойлаған. Сол себепті қылмыстық жазаға тартылды.

«Нұр-Сұлтан қалалық полицейлері банк карталарын жоғалтқан жағдайда ұрлықтың алдын алу үшін бірден банкке хабарласып, картаны блоктап тастауға кеңес береді. Немесе пин-код енгізбей жасалатын сауданың лимитін шектеу қажет. Бөтен адамның банк картасын тапқан азаматтардан табылған заттар бюросына немесе «102»-ге хабарласып, табылған затты жақын маңдағы полиция пунктіне апарып беруді сұрайды», – деді мекемедегілер.

Тегтер: