20 Сәуір 09:43

«АрселорМиттал Теміртау» қоршаған ортаға 1 млрд теңге залал келтірген

Фото:

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы қоршаған ортаға 1 миллиард теңгеден астам залал келтірген.

Алматы, NEGE. Бұл комбинатқа жүргізілген жоспардан тыс тексерістен соң анықталды. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын болат құю цехында апат болып, ауаға зиянды қалдықтар тараған болатын. Экология департаменті келген 5 миллион теңгеден астам залалдың орнын толтыруға нұсқама береді. Сондай-ақ ізінше комбинаттағы 9 цехқа жаппай тексеріс жүргізіп, оларда да өрескел заңбұзушылықтарды әшкереледі. Мәселен, комбинат кейбір жұмыстарды экологиялық сараптамалардың оң шешімінсіз істей берген. Қоршаған ортаға тараған қалдықтар үшін эмиссия шарттарының орындалмағаны анықталды. Енді компания бұл шығынныңтүгелдей орнын толтыруы тиіс.

 Облыстық экология департаментінің бас маманы Аян Оспанов: "Компанияға 1 миллиард 371 миллионннан астам теңгеге келтірілген залалдың орынын толтыру жөнінде нұсқама берілді. Сондай-ақ әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 4-бабы бойынша компанияға 241 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. Алған мерзімнен бір ай ішінде олар төлеуі керек. Егерде төлемеген болса, онда біз сотқа жүгінеміз" деді.

Тегтер: