2 Маусым 16:09

Алматылық ер адам өзінің 2026 жастағы әйел екенін білді

Фото:

Алматылық ер адам Ashyq қосымшасы арқылы өзінің 2026 жастағы әйел екенін білген. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде мұндай жағдайдың не себепті орын алғанын анықтады, деп хабарлайды Stan.kz.

Нұр-Сұлтан. NEGE. «ЖСН 12 цифрдан тұратын бірегей комбинацияны білдіреді. ЖСН-ның құрылуы мынадай: алғашқы 6 сан - бұл адамның туған жылы, айы және туған күні, жетінші сан – адам және оның жынысы және қай ғасырда туғанын білдіреді. Қазақстан азаматының ЖСН-дегі жетінші саны 1-ден 6-ға дейін болуы мүмкін. Мысалы, 3 саны ер адамның 20 ғасырда туғанын білдіреді. Елдің тұрақты тұрғындарында бұл жағдайдағыда жетінші сан 0 болуы мүмкін. Ashyq ЖСН негізінде осы алгоритм бойынша адам жасын көрсетеді. Осы себепті қосымшада 2026 жылдың жасы көрсетілген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ashyq қосымшасына адам жасы мен жынысы көрсетілетін қосымша қосылды, себебі ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен адам басқа адамдардың мәліметін қолданып, мекемеге кіруге тырысқан жағдайлар болған.

Тегтер: