28 Сәуір 11:22

Алматыда жасырын жұмыс істеген түнгі клубтар анықталды

Фото:

 Алматыда караоке-бар мен түнгі клубтың иелері жазаланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Қаладағы Бостандық және Әуезов аудандарында орналасқан бұл екі мекеме карантинге қарамастан жасырын жұмыс істеп келген. Тәртіп сақшылары келгенде клубта адам көп болған. Бір тобы туған күн тойлатса, енді бір топ көптен кездеспей бас қосқандарын айтады. Ал 4-ші ықшам ауданда орналасқан түнгі клубтың жасырын жұмыс істеп тұрғанын полицияға жергілікті тұрғындар хабарлапты. Қазіргі таңда осы істерге қатысы бар 9 адам әкімшілік қамуға алынып, қалғандарына 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. 

Тегтер: