13 Қараша 16:25

Алматыда тағы 362 «Сергек» камерасы орнатылады

Фото:

Алматыда жыл соңына дейін 362 «Сергек» камерасы орнатылады.

Алматы, NEGE. Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтің мәліметінше, мегаполисте 10 айдың қортындысы бойынша жол-көлік апаты 27,8%–ға төмендеген. Атап айтсақ, жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер 35,0%–ға, қаза тапқандар 48,6%–ға, жарақат алғандар 36,4%–ға азайды.

«Біз қалалык әкімдікпен бірлесе отырып, жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында Алматы қаласы аумағында жол жүру және жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды әзірлеп, бекіттік. Аталған жоспардың жүзеге асуы көлік ағымының өтімділігін 25-30% арттырса, жол көлік оқиғаларының санын 15-20% азайтып, экологиялық жағдайдың 10% жақсаруына септігін тигізеді»,- дейді департамент басшысы.

Сонымен қатар, ол қалада 2050 бейне камера орнатылғанын айтты. Жыл соңына дейін қосымша тағы да 362 камералық бекет орнату жоспарда.

Тегтер: