3 Қазан 09:56

Ақмола облысында немересі әжесінің жинаған ақшасын ұрлап кеткен

Фото:

Ақмола облысында немересі зейнеткердің жинаған қаражатын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Ақмола полицейлері бұрын жасалған қылмысты ашты. 15 қыркүйек күні полиция басқармасына облыс орталығы тұрғынынан ұрлық фактісі туралы өтініші келіп түсті. Ақмолалық тұрғын 2023 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында өзіне тиесілі депозиттен 1 миллион 340 мың теңге сомасында ақшалай қаражат жоғалғанын хабарлады. Істі тексеру үшін қарт әйел полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Көкшетау қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ақшаның жоғалуына жәбірленушінің уақытша жұмыс істемейтін немересінің қатысы барын анықтады.

Жас жігіт зейнеткердің мобильді қосымшасымен, оған телефон нөмірін қосып, жәбірленушінің ақшасын өз шотына ішінара аударғаны белгілі болды. Ол ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген.

Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталып жатыр.

Тегтер: