31 Қаңтар 13:29

2019 жылы 1000 жемқор сотталды

Фото:

2019 жылы Қазақстанда 1 002 лауазымды тұлға жемқорлық үшін сотталған. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев айтты.

Алматы, NEGE. «Қылмыстық-құқықтық шаралардың қорытындысына тоқталайын. 1 717 жемқорлық қылмысы тіркелді. Олардың жартысынан көбі пара алу, пара беру деректері бойынша, 1 002 лауазымды тұлға сотталды. Былтыр 112 осындай қылмыс тоқтатылды. Келтірілген шығын – 24,6 миллиард теңге, оның 22,7 миллиарды қайтарылды», – деді Шпекбаев ведомствоның 2019 жылғы қорытындысы бойынша жиында.

Тегтер: