5 Қаңтар 09:00

Ұлттық Банк қайда көшеді?

Фото:

2015 жылы Украинаның "Archimatika" cәулет компаниясы Ұлттық Банк ғимаратының дизайн-жобасын әзірлеген еді. Тапсырыс беруші ретінде BIGroup көрсетілген.

Фото: archimatika.com

 

Жобаның негіздемесіне сәулетшілер былай деп жазады:

Ұлттық Банктің жаңа ғимаратының бейнесіне - Алматыдағы таулар кескіні енгізілген. Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан - ред. ескертпе) жазық далада орналасқан, онда жаңа ғимараттар (мысалы Норман Фостердің пирамидасы) биік, вертикалды тік акценттермен жасалған. Біз ұсынып отырған бейненің екінші ассоциативті сызығы - қаржылық индекстердің графикасы.   

Украин сәулетшілерінің пікірінше, Нұр-Сұлтан - әлемдегі екінші суық астана және күндізгі температураның күрт өзгеруімен ерекшеленеді. Сондықтан ауа райының осы ерекшелігін ғимаратты жобалау кезінде ескеру қажет.

Ауа-райы ерекшелігіне лайықталып жасалған фасад. Фото: archimatika.com

Жаңа ғимарат жоба бойынша кеңселер үшін қолайлы бөлімдерге бөлінген. Ортасында атриумдармен байланысады. Сәулетшілер классикалық идеялардан қашып, күн энергиясын барынша қолдануды, жылуды үнемдеу концепциясын ұсынған. Жоба бойынша ғимарат ЭКСПО қалашығының аумағында орналасуы тиіс. Бірақ оның жобасы осы күйінде қабылданғанымен, құрылысы қашан аяқталатыны белгісіз. Ұлттық Банк Нұр-Сұлтан қаласына 2020 жылы көшуді жоспарлап отыр. Қаржылық реттеуші уақытша Мәңгілік Ел даңғылында орналасқан "Бәйтерек" холдингі кеңсесінің жанындағы ғимаратқа орналасады. Ал оның кеңес заманында бой көтерген Алматыдағы ескі ғимаратына жаңадан құрылған ұйым - Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі отырады.   

Тегтер: