USD
USD
USD

ШҚО-да табыс табуға кетіп жоғалған ер адамның денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысында қыста қосымша табыс табуға жұмысқа кетіп, кейін із-түзсіз жоғалған 36 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлады YK-news.kz  порталы.

Рамиль
Фото: YK-news.kz

Алматы, NEGE. Риддердің 36 жастағы тұрғыны Рамиль Ғазизов желтоқсан айының соңында қаладан 50 шақырым жерде орналасқан учаскеге ақша табуға кеткен.

Азаматтың әпкесінің айтуынша, бұл учаскедегі орманға ағасы күзетші ретінде барған. Алайда кейін ол жоғалып кеткен. Тек вагоннан оның заттары мен шашылған әйнек сынықтары табылған.

Жақында Рамильдің әпкесі оның денесі сол вагоннан шамамен 100 метр қашықтықта табылғанын хабарлады.

“Бірнеше күн бұрын түсіме Рамиль кіріп, өзін қайдан таба алатынымды көрсетті. Өрмелеп тұрып биік шыршаға шықтым. Оның денесі сол жерде жатты. Біз оның киімін таныдық, алайда әзірге сараптама нәтижелерін күтеміз”, – деді Рамильдің әпкесі.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram