3 Ақпан 17:50

НЕГЕ базалық ставка өзгеріссіз қалды?

Фото:

Ұлттық Банк бүгін базалық ставканы 9,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Ұлттық Банктың ойынша инфляция 4-6% нысаналы дәліз шегінде қалады. Қаңтарда инфляция 5,6 пайызды көрсеткен. Ендігі әңгіме Ұлттық Банктің инфляцияның төменгі шегіне жете алатын қауқарына байланысты.

Қаңтарда тауарлар қымбаттауын тоқтатқан жоқ. Азық-түлік бағасының өсуі 9,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 5,2%, ақылы қызметтер – 1,4% болды. "Халықтың инфляциялық күтулері қалыпты күйінде қалды" - дейді Ұлттық Банк. Тұтынушылық және инвестициялық сұраныс экономикалық белсенділікті арттыруға ықпал етеді. Халықтың нақты ақшалай кірісінің өсуі 2019 жылғы қаңтар – қарашада 5,8 пайыз болып тіркелді. Ал әлеуметтік қолдауға арналған бюджет шығыстары 2019 жылы 26 пайызға ұлғайды.

Ағымдағы жылдың соңына дейін және орта мерзімді болашақта инфляциялық процестердің біртіндеп әлсірей бастайды және жылдық инфляция нысаналы дәліздің орта деңгейі 4-6%-ке және 2020 жылдың соңына дейін одан да төмен деңгейге дейін баяулайды деп күтілуде. Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі шешімдер инфляцияның қалыптасқан және болжамды серпінінің оның бағдарларына сәйкес келуі, сондай-ақ ішкі және сыртқы тәуекелдердің балансы ескеріле отырып қабылданатын болады. Жағдай Ұлттық Банктің күтулеріне сәйкес дамыған кезде, сондай-ақ Үкімет және жергілікті атқарушы органдар азықтүлік нарықтарында бәсекелестікті арттыру және оңтайлы тарифтік саясат жүргізу шараларын қабылданған кезде ақша-кредит талаптарының жеңілдеуі мүмкін.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2020 жылғы 16 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15:00-де жарияланбақ.

Тегтер: