USD
USD
USD

Мұнай бағасы қайтадан төмендей бастады

Brent баррелі 49,08 долларға саудаланып жатыр. Өткен аптада қымбаттаған мұнай құны 7 желтоқсанда қайтадан арзандай бастады. Бұған АҚШ пен әлемнің бірқатар елінде коронавирус жұқтырғандар санының артуы себеп болып отыр.

Мұнай бағасы қайтадан төмендей бастады
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Сауда қорытындысы бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелінің бағасы 0,35%-ға төмендеп, 49,08 доллар болды. WTI фьючерстерінің құны 0,41%-ға арзандап, қазір оның бір баррелі 46,07 долларға саудаланып жатыр. Өткен аптада шикізат нарығына ОПЕК+ елдерінің келесі жылдың басынан бастап бір күнде өндірілетін мұнай көлемін 500 мың баррельге арттыру туралы шешім оң әсерін тигізді. АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы жақын арада экономиканы ынталандыруға қатысты шешім қабылдауы мүмкін. Bloomberg басылымының дерегінше, билік 908 млрд доллар көлемінде қаражат бөлуге дайын екенін білдірді.Бұл фактордың да нарыққа оң ықпалын тигізетіні анық.

Қазір оқып жатыр

Әкім Алматыдағы «брусчатка дауының» мән-жайын түсіндірді

брусчатка дауы

Депутаттар өз еңбегін қалай бағалайды?

Мәжіліс

Желіде ерлі-зайыптының интимді видеосы тараған: күдікті ретінде жасөспірім ұсталды

Интимді видеоны тарату

Тоқаев ақын Мұхтар Шахановтың туыстарына көңіл айтты

Тоқаев, Шаханов