USD
USD
USD

Әскерде жыныстық зорлыққа ұшырағанын айтып, жұртты алдаған жігіт 3 жылға сотталды

Threads желісінде әскерде зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтып, жұрттан ақша жинаған Астананың 23 жастағы тұрғынына сот үкімі шықты. 

алаяқтық
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі хабарлады. Бұған дейін оның үстінен алаяқтық және көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Ведомствоның ақпаратынша, осы жылдың ақпан айында ол анонимді түрде жазба жариялап, әскери қызмет болған кезінде өзіне жыныстық зорлық-зомбылық жасалғанын мәлімдеген. Сондай-ақ ол өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, шетелге кету үшін қаржылай көмек сұраған. Жазбаның астына ақша аударуға арналған банк реквизиттерін де қоса көрсеткен.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі шағымданғаннан кейін полиция тексеріс жүргізіп, жарияланған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін анықтады. Сонымен қатар астаналық азаматтың ешқашан әскери қызмет өтемегені белгілі болды. Ақша жинау үшін ол мән-жайды білмейтін 17 жастағы танысының банк шотын пайдаланған. Екі күннің ішінде бұл шотқа 15-тен астам ақша аударымы жасалған.

«Тергеп-тексеру барысында күдікті жалған ақпаратты тек ақша табу мақсатында жариялағанын мойындады. Сот шешімімен ол кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды», – делінген ІІМ хабарламасында.

Полиция азаматтарға әлеуметтік желілердегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Алматы және Алматы облысында электр энергиясы тарифін 8,3%-ға көтеру ұсынылды

тариф

Әбілқасымованы отставкаға жіберу туралы петицияға агенттік жауап берді

Мадина Абылкасымова

Таиландтан сәлемдеме алып жүрген алматылық жігіт 16 жылға сотталды

есірткі бизнесі

Ресейде кәмелетке толған азаматтарға әке-шешесін ата-ана құқығынан айыруға рұқсат етілмек

заң