USD
USD
USD

Әбілқасымованы отставкаға жіберу туралы петицияға агенттік жауап берді

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) агенттік төрағасы Мадина Әбілқасымованы қызметінен босатуды талап еткен петицияға қатысты пікір білдірді. Агенттік петицияның ресми мемлекеттік платформада жарияланбағанын мәлімдеді.

Мадина Абылкасымова
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Петиция GosRating платформасында жарияланған. Ал Қазақстанда мемлекеттік органдар алдын ала модерациядан өтіп, 50 мың азаматтың қолын жинаған e-Petition платформасындағы петицияларды ғана қарауға міндетті. Сондай-ақ агенттік петицияда көтерілген кейбір мәселелердің өз құзыретіне кірмейтінін мәлімдеді.

«Бірыңғай банкаралық QR-кодтың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу және банкаралық төлемдерге тарифтерді белгілеу мәселелері «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заңға сәйкес Ұлттық Банктің құзыретіне жатады. 

Агенттік банкаралық эквайринг бойынша комиссия мөлшерлемелерін белгілемейді және төлем жүйелерінің тарифтік саясатын реттемейді», – деп хабарлады ҚНРДА.

Бұған дейін интернетте ҚНРДА төрағасы Мадина Әбілқасымованы қызметінен босатуды талап еткен петиция жарияланған еді. Құжат авторы Әбілқасымованың агенттіктегі жұмысын тиімсіз деп бағалап, бұл халық пен бизнестің реттеушіге деген сенімін төмендеткенін мәлімдеген.

Петицияда елде әлеуметтік инженерия тәсілдері арқылы жасалатын алаяқтық көбейіп жатқаны, ал банктердің клиенттерді қорғау тетіктері жеткіліксіз екені айтылған. Автор мысал ретінде Павлодарда алаяқтардың нұсқауымен банкке ішіне петарда салынған тортпен банкке келген зейнеткерлердің оқиғасын келтірген.

Құжатта микроқаржы ұйымдарының қызметі де сынға алынған. Автордың пікірінше, банктер несие беруден бас тартқан азаматтар жоғары пайызбен микрокредит алуға мәжбүр. Бұл халықтың шамадан тыс қарыздануын одан әрі күшейтіп отыр.

Петиция авторы бірыңғай банкаралық QR-кодты енгізу кәсіпкерлердің шығынын арттырғанын да мәлімдеп, комиссия мөлшерлемесін 0,5 пайызға дейін төмендетуді талап еткен.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер