Елімізде медициналық маска бағасы арзандады
Медициналық маскалардың шекті бағасы 118 теңгеден 85 теңгеге дейін арзандады, хабарлайды «Хабар 24». Резервте 41 млн бетперде, 27 млн қолғап пен 379 мың қорғаныш костюмі бар.
Алматы, NEGE. Бұл жайлы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Тамыздың біріне қарай елде бір тәулікте 35600 тұрғын тестілеуден өте алатын болады. Әзірге тәулігіне 32 мың адам сынама тапсырып жүр. Ал, 1 қыркүйекке бұл санды 64 мыңға жеткізу жоспарда тұр. Енді дәрі-дәрмекпен қамтуға келер болсақ. Сертификаттау мерзімі 1 айдан 3 күнге дейін қысқарды. COVID-19-ды емдеуге арналған жаңа дәрілерді тіркеу мерзімі 6 айдан 2 айға дейін қысқартылды.
Қазір стационарларда коронавируспен күреске қажетті дәрілердің 1 айлық қоры жасақталды. Қазір 3 айлық қор жасақтау үшін отандық және шетелдік өндірушілерден медициналық препараттар сатып алынып жатыр. Маска бағасы – 118 теңге/ 85 теңге Резервте – 41 млн маска 27 млн қолғап 379 мың қорғаныш костюмі Жаппай тестілеу 1 тамыз – 35,6 мың адам 1 қыркүйекте – 64 мың адам.