23 Сәуір 09:46
...
Бас санитар: короновирустың өршуі үш айға созылады
Елімізде короновирус жұқтырғандар саны сәуірдің соңына дейін 2700-ге, ал, мамыр айында 4 мыңға жетуі ықтимал. Еліміздің Бас санитарының болжамы осындай.
Алматы, NEGE. Айжан Есмағамбетованың айтуынша, дерттің таралуы әлі 3 айға дейін созылуы мүмкін. Қазіргі таралу деңгейі 8% шамасында. Алдағы уақытта оны 5%, одан әрі 1%-ке дейін төмендету міндеті тұр. ҚР Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова: "Короновирус көрсеткішінің тұрақтылығы немесе төмендеуі туралы қосымша науқастар тіркелмеген жағдайда ғана айтуға болады. Әзірге көбейіп тұр. Мамыр айының соңына дейін вирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жетеді деген болжам бар. Оның өзінде егер барлық карантин талаптары қатаң сақталған жағдайда" деді.