12 Ақпан 11:48

Алматыда элиталық үй иелері бюджетке 30 млн теңге қарыз

Фото:
Медеу аудандық мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, аудандағы жеке тұлғалардың мүлік салығы

ның берешегі 77,8 миллион теңгеге жеткен. Оның жартысына жуығы (31 млн теңге) элиталық тұрғын үй кешендерінде орналасқан пәтерлерге тиесілі.

Алматы, NEGE. Мәселен, «Европолис» тұрғын үй кешеніндегі 39 пәтердің қарызы 3,2 млн теңге, «Koktobe city» тұрғын үй кешені - 2,9 млн теңге, «ILe De France» тұрғын үй кешені - 2,5 млн теңге, «Exclusive Residence» және «Тау Шатыр» тұрғын үй кешенінде орналасқан 10 пәтердің берешегі 1,8 млн теңгеге жеткен.

Борышкерлердің тізімінде бірнеше пәтері бар адамдар да бар. Барлық борышкерлерге қарызды қайтару туралы хабарлама жіберілсе де, бүгінгі күнге дейін қарыз өтелмеген. Бюджетке берешегі бар тұлғалар бойынша іс материалдарын сот орындаушыларына беру туралы салық бұйрықтары әзірленіп жатыр. Өз кезегінде сот орындаушылары барлық борышкерлерден қарызды өндіру үшін банк операцияларын тоқтатады, салық төлеушілердің шетелге шығуына тыйым салынады.

Тегтер: