21 Қазан 12:55
...

Депозит иелеріне 10 пайыздық сыйлықақы төлеу: ол экономикаға қалай әсер етеді?

Фото:

5 миллионнан аса қазақстандық депозит сомасының 10 пайызы көлеміндегі сыйлықақы алуға құқылы. Салымшылар банктерге өтінішін келесі жылдың 1 қаңтарына дейін тапсыруы керек. Бұл шараға мемлекет Ұлттық Қордан 183 миллиард теңге бөліп отыр. Осы қадам экономикамызға пайдалы бола ма?

Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағанда рубль бағасы күрт құлдырады. Сол кезде Қазақстан да теңге бағамының құлауынан қорықты. Азаматтар бір демде рубльге ауысып алуы мүмкін еді. Ол соңғы 6 жылда жүргізілген дедолларизацияның барлық жетістігін бір күнде жойып жіберудің аз алдында тұрды.

Осындай қаржы нарығындағы құбылмалылық фонында Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп, теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасын жүзеге асыру туралы хабарлаған болатын. Жаңа бағдарлама қазақстандықтардың теңгедегі депозиттері бойынша өтемақы есептеуді қарастырады.

Бағдарлама 2022 жылдың 23 ақпанына дейін ашылған депозиттерге қатысты қабылданды. Енді 10 пайыздық төлемдер бір рет қана аударылады, қазақстандықтар ақшасын 2023 жылдан бастап ала алады.

Шарттарға сәйкес банктер өтемақыны 23 ақпанда шоттарда болған жинақ сомасына қарай есептейді. Ең жоғары шек 20 миллион теңгеден аспауы керек. Ақшаны ішінара алған жағдайда пайыздар шоттағы қалған сома негізінде төленеді.

"Төлем шарты - бұл салымды 2023 жылдың 23 ақпанына дейін сақтау, яғни бір жыл бойы салымшы қаражатты депозитте сақтауы керек. Айтайын дегенім, бұл өтемақы туралы өтініште банк қандай да бір жеке мәліметті, банк шоттардың кез келген нөмірін, карталарды сұрауға құқығы жоқ. Егер салымшыға телефон соғып: "Өтініш беру үшін картаның нөмірін айт" десе, бұлар сөзсіз алаяқтар. Оларға ешқандай мәлімет беруге болмайды", - деді Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Әділ Өтембаев.

Сарапшылар кейде мемлекет тым асығып кеткен жоқ па деген күдіктің шетін шығарады. Себебі, рубль бағасы тұрақтанды да, теңге курсы да өз бағамына қайтып келді. Ал біз осы арада 183 миллиард теңгеге азаматтарға бонус берейін деп отырмыз. Бірақ мемлекеттік экономистер осы қадамның теңгеге деген сенімді сақтап қалуда шешуші рөл ойнағанын айтады. "Өтемақы төлеу - азбен құтылу" дейді, олар. Себебі, халық жаппай долларға көшсе, оны қазіргі бағытқа қайтаруға анағұрлым көп қаржы жұмсалмақ. 

Тегтер: