USD
USD
USD

Британдық зиялы қауым Абайдың мұраларын ұлықтады

 Ұлыбританияның зиялы қауым өкілдері қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасын ұлықтады.

Британдық зиялы қауым Абайдың мұраларын ұлықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кембридж университетінің баспа үйі Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігімен бірлесе ұйымдастырған онлайн конференцияға ақын-жазушылар, кәсіби аудармашылар және әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ден астам көрермен қатысты. Пікірталасқа белсенді араласқандардың бірі шотландиялық жазушы әрі ақын, профессор Джон Бёрнсайд. Ол ұлы ағартушының Қара сөздерін ағылшын тіліне аударған. Сан алуан халықаралық әдеби жүлделердің лауреаты Абайдың өмірі мен еңбектерін зерделей келіп, батыс авторларымен үндестік тапқанын айтады. 

Ақын, жазушы Джон Бернсайд: "Өз басым Абай және XVIII ғасырдың танымал ақыны, шотландиялық Роберт Бёрнс шығармашылығында ортақ тақырыптар көп екендігін аңғардым. Екеуі де махаббат жырларын жазып, екіжүзділік, жемқорлық және басқа да қоғамды жегідей жеген кеселдер тақырыбына қалам тербеген және туған жерін шексіз сүйген тұлғалар" деді.

  Жыл соңында Абай шығармаларының ағылшын тіліне аударылған толық жинағының тұсаукесері өтеді. Жобаны әлемнің ең байырғы әрі беделді баспасы - Кембридж университетінің баспа үйі мен Қазақстанның Ұлттық аударма бюросы жүзеге асырады. Оның басты ерекшелігі ақын еңбектерінің тарихта тұңғыш рет қазақшадан ағылшын тіліне және әлемнің басқа да тоғыз тіліне аударылуында болмақ.

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.