Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті Боранбаевты сотқа берді

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті Қайрат Боранбаевты сотқа берді. Бұл туралы Nege.Aqsha телеграм-каналы жазды.

Сот
Фото: Фото: ғаламтордан

«Бұл сот процесі азаматтық іс өндірісінде қаралатын болады. Істі қарай ақпан айына белгіленген. Істің мән-жайы мен мазмұны әзірге белгісіз», – деп жазды Nege.Aqsha.

Естеріңізге салайық, Қайрат Боранбаев ресейлік газды QazaqGaz ұлттық компаниясына қайта сату кезінде 14,5 млрд теңге жымқырды деп айыпталып, қамалған болатын. Қаңтар бүлігінен соң ол мемлекетке 120 млрд теңгенің активтерін қайтарып берді. Оның ішінде Астана қаласындағы қонақ үй кешені, фитнес-орталықтар жүйесі, газ тарататын компания және мұнай кеніші бар.

Өткен жылы наурызда алғашқы сатыдағы сот инстанциясы Қ.Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айырған. Алты айдан соң Астана қаласының апелляциялық соты оның жазасын жеңілдетіп, алты жылға кесті. Бір айдан соң Қ.Боранбаевтың түрме жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылып, қамаудан босап шықты.

Қ.Боранбаев – экс-президент Н.Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның құдасы. Қ.Боранбаевтың қызы Әлима Д.Назарбаеваның ұлы Айсұлтанға тұрмысқа шаққан еді. Алайда бұл неке ұзаққа бармады.

Қазір оқып жатыр

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.

Грантқа іліге алмағандарға тағы бір мүмкіндік бар

грант