USD
USD
USD

«Ақтөбе» жанкүйерлері Нани мен Love Айканың суретін өшіруді талап етті

Әлеуметтік желіде Love Айка атымен танылған Айғаным Мырзахметова мен «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы атанған танымал футболшы Луиш Нанидің суреті делінген фото жарияланып, қызу талқыланып жатыр.

Нани, Айка
Фото: instagram.com/gazizaraimbeknews

Астана, NEGE. Желі қолданушылары суреттің нейрожелі арқылы жасалғанын бірден анықтап, біреудің жеке өміріне араласпауға кеңес берді.

Ал «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлері фотосуретті өшіруді талап етті.

«"Ақтөбе" футбол командасының футболшысы бейнеленген, жасанды интеллект арқылы жасалған бұл контентті өшіруді сұраймыз. Әйтпесе "Ақтөбе" футбол клубы тиісті талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы», – делінген жазбаның астындағы мәлімдемеде.

Блогер Айғаным Мырзахметова да бұл жайтқа пікір білдіріп, Нанимен қарым-қатынасы туралы сыбысты үзілді-кесілді жоққа шығарды.

«Ұяттан жұрдай болғандарың ба? Бұл суреттегі қыз мен емеспін. Мұндай футболшыны мүлде танымаймын, онымен еш байланысым жоқ», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Айғаным Мырзахметова 2024 жылы «элиталық эскорт» ісі бойынша 6,5 жылға сотталған. Алайда кәмелеттік жасқа толмаған баласының болуына байланысты жазасын өтеу мерзімі екі жылға кейінге қалдырылды.

Қазір оқып жатыр

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай