USD
USD
USD

Астаналық тұрғыннан 38 млн теңгеге жуық қаржыны қорқытып алған күдіктілер ұсталды

Астаналық полицейлер бірнеше жыл бойы тұрғынды қорқытып, 38 млн теңгеге жуық қаржыны иемденген бопсалаушыларды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Астаналық тұрғыннан 38 млн теңгеге жуық қаржыны қорқытып алған күдіктілер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 31 және 46 жастағы екі ер адам бірнеше жыл бойы астаналықтан ақшаны қорқытып алған. Олар психологиялық қысым көрсету арқылы, интимдік сипаттағы фотосуреттер мен бейнежазбаларды таратамыз деп қорқытып, 2019 жылдан бастап ер адамды бопсалаған. Бірнеше жыл ішінде астаналық азамат бопсалаушыларға жалпы сомасы 38 млн теңгеге жуық ақша берген. Күдіктілердің бірінің талабын орындау үшін жәбірленуші өзінің Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін ломбардқа тапсырып, 10 млн теңге берген.

46 жастағы күдіктінің кезекті бопсалау фактісінен кейін ер адам осы жылдың қараша айында полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалауға қатысы бар екі ер адамды ұстады және қамауға алды.

Күдіктілердің бірі Алматы қаласында ұсталды. Жеке тексеру барысында одан есірткі заты оралған түйіншек тәркіленді. Ұсталған адамның бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан КҚК арқылы мұнай тасымалдайтын кемелерге жасалған шабуылды айыптады

СІМ

Алматыда Altyn City тұрғындары 40 градус аптапта жарықсыз қалып, жолды жапты

.

«Қайратпен» келіссөздер жүріп жатыр: Канье Уэстің концертіне билет сату кейінге шегерілді

.

Саканың хет-тригі Англияға әлем чемпионатының қола жүлдесін әкелді

.