USD
USD
USD

Алматыда қыркүйекте тұмауға қарсы вакцинация басталады

Бұл туралы Алматының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты.

Екпе салу
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Оның сөзінше, осы жылы жергілікті әкімшіліктің қаражатына осал топтағы адамдарды тұмауға қарсы егуге 250 000 доз көлемінде Гриппол плюс вакцинасы сатып алынады.

«Тәуекел тобындағы адамдарды вакцинациялау жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Вакцинация 2025 жылдың қыркүйек айының екінші жартысынан бастап 30-қараша дейін жүзеге асырылады», – деді ол.

Әсел Қалықова жыл сайын жұқпалы аурудың күз-қыс мезгілінде үдейтінін атап өтті. Маман тұмауды уақтылы емдемеу пневмония, бронхит тәрізді түрлі асқынуларға, сондай-ақ жүрек қантамырларының, жүйке жүйесіндегі, созылмалы аурулардың асқынуына әкелуі мүмкін екенін айтты.

«Тұмау әсіресе, өмірге жаңа келген сәбилер, егде жастағы кісілер мен әлсіз адамдар өмірі үшін қауіпті. Статистика бойынша тұмау кезінде асқыну жағдайлары әрбір 10-шы науқаста ұшырасады. Әлемдегі тұмаудан сақтанудың негізгі жолы -вакцинация. Жыл сайын Алматы қаласында тәуекелі жоғары топтарда вакцинация жүргізіледі», - деді Әсел Қалықова.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран