USD
USD
USD

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында 1,3 млрд-тан астам көшет егілді

Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын және Мемлекет басшысының басқа да тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде кең ауқымда көгалдандыру және орман алқаптарын көбейту жұмыстары жалғасып келеді.

Ағаш отырғызу
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Мемлекеттік орман қоры аумағына 1 млрд 369 млн көшет, оның ішінде Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуіл көшеттерінің 48,7 млн данасы егілді», деп мәлімдеді ҚР экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Орман шаруашылығын тұрақты түрде дамыту мақсатында былтыр жыл соңында Қазалыда 33 га алаңға жылына 3 млн көшет беретін орман питомнигінің құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда агротехникалық талаптар ескеріле отырып, питомниктегі 10 га алаңға сексеуіл тұқымы егілді.

Бұдан бөлек, биыл ауданы 15 га питомникті жобалау және Аралдың құрғаған түбінде тікелей ұңғымыларды бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама