17 Желтоқсан 00:08
...
Алматы әкімі Ерболат Досаев қазақ ән өнерінің бұлбұлы Бибігүл Төлегенованы 95 жасқа толуымен құттықтады
Әкім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.
Алматы, NEGE. Президент құттықтау хатында ұлттық мәдениеттің дамуына зор үлес қосқан көрнекті өнер қайраткерінің еңбегін атап өтіп, оның өнері жас ұрпаққа шабыт беріп, ел мақтанышына айналғанын жеткізді.
«Ұзақ жылғы жемісті шығармашылық жолыңыз Сізді абырой биігіне көтерді. Еліміздің алтын қорына мол мұра қалдырдыңыз. Өнегелі де өнерлі шәкірттер тәрбиелеп шығардыңыз. Ерен еңбегіңіздің жоғары мемлекеттік наградалармен, мәртебелі атақтармен және айрықша сыйлықтармен аталып өтуі – зор мерей», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.