USD
USD
USD

Таразда күйеуінен қорыққан әйел қарақшылық шабуыл туралы жалған ақпарат берген

Полицияға Тараз қаласының тұрғынынан өзіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түскен.

Ұрлық, Алаяқтық
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Әйелдің айтуынша, бетперде киген белгісіз ер адам үйіне кіріп, қарумен қорқытқан, қолдарын байлап, алтындары мен ақшасын алып кеткен.

Ауыр қылмыс туралы хабарламадан соң шұғыл түрде іс-шаралар басталған. Полиция қызметкерлері тергеп-тексеруді бастап, жедел қызметтер жұмылдырылды, тергеу және іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Алайда көп ұзамай күтпеген жайт анықталды. Белгілі болғандай, ешқандай шабуыл болмаған.

Полицейлер анықтағандай, әйел адам күйеуімен жанжал туындамас үшін қарақшылық шабуыл туралы оқиғаны ойдан шығарған. Шын мәнінде ол алтын әшекейлерін бірнеше ай бұрын күйеуіне айтпай сатып жіберген.

Қылмыс туралы көрiнеу жалған хабарлама беру дерегі бойынша тергеу амалдары басталды.

Қазір оқып жатыр

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғары 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер