USD
USD
USD

Вьетнамда қазақстандық қыз жоғалып кетті

Вьетнамда жүрген қазақстандық Әсем Әубәкір 6 наурыздан бері байланысқа шықпаған.

Әсем Әубәкір
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Жоғалып кеткен қыздың әпкесі Рузана Жүсіпова әлеуметтік желі арқылы халыққа үндеу жасады. Оның айтуынша, 26 жастағы Әсем Қазақстан консулымен кездесу үшін Ханой қаласына баруды жоспарлаған. Бірақ әуежайдан шамамен 20 шақырым алыстағаннан кейін ол байланысқа шықпай қалған.

Туыстарының мәліметінше, жоғалып кетердің алдында Әсем қатты алаңдаған. Ол жақындарына біреулер өзін аңдып жүргендей сезінетінін айтқан.

Қыздың туыстары әзірге оған ресми түрде іздеу жариялай алмай отыр. Олар тиісті өтінішті жіберген, бірақ Вьетнам билігі оны әлі қарап жатыр. Сол өтініш мақұлданғаннан кейін ғана жергілікті полиция іздеу жұмыстарын бастайды.

Әсемнің отбасы Вьетнамда немесе оған жақын елдерде жүрген қазақстандықтардан көмек сұрап отыр. Сондай-ақ, сол жақта тұратын таныстары мен туыстары бар адамдардан да іздеуге көмектесуді өтінеді. Олар әсіресе WhatsApp пен Telegram-дағы туристік және жергілікті топтарға назар аударуды сұрайды.

Егер қазір сол жақта жүрген тұрғындар немесе туристердің бірі қызды көрсе немесе оны табуға көмектесе алса, мына нөмірге хабарласуды сұрайды: +7 747 219 40 21.

Қазір оқып жатыр

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік