USD
USD
USD

Павлодар әкімі Ертістің жағасында аналарға арнап ән салып берді

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов 8 наурыз күні қала тұрғындарымен бірге Ертістің жағасында ана туралы әнді орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Асайын Байханов
Фото: Видеодан скриншот/instagram.com/zhanr_pvl

Астана, NEGE. «Жанр» шығармашылық орталығы серуендеп жүрген қала тұрғындарына Қайрат Жұмағалиевтің сөзіне жазылған Марат Омаровтың «Анашым» әнін орындап беруін өтініп, микрофон ұсынған.

Тұрғындардың көбі бұл ұсынысқа қуана келісіп, кезекпен әнді шырқай жөнеледі. Осы сәтте табан астында ұйымдастырылған концертке аймақ басшысы да қосыла кетеді.

Ана туралы әннің үзіндісін нақышына келтіріп орындаған әкімге желі қолданушылары жылы лебізін білдіріп, алғысын жаудыруда.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева