27 Тамыз 12:10
...

2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеу жол картасы әзірленді

Су қоймасы
Фото: Фото: из открытых источников

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейтуді тапсырған. 

Алматы, NEGE. «Суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту керек. Көктемгі қарғын суды жинау және оны егістікке жеткенше құмға сіңіріп жоғалтып алмау мәселесі шешімін табуға тиіс. Өйткені оның бәрі – ішкі су қорымыз. Ол үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 3500 шақырымдық каналды жаңғыртып, цифрлық тәсілмен бақылауға алу керек. Негізгі міндет – 2027 жылға қарай қосымша екі текше шақырым суға қол жеткізу», - деген еді мемлекет басшысы Жолдауында. 

Қазіргі уақытта 150 мың гектарға дейін озық су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жүзеге асырылуда.

1. 2024-2026 жылдарға арналған су үнемдеу жөніндегі жол картасы әзірленді.

  • суды үнемдеуге қатысты су заңнамасы;
  • тарифтерді белгілеу жүйелері;
  • су шаруашылығын цифрландыру;
  • суды есепке алудың заманауи жүйелерін енгізу;
  • кәсіпорындарда айналымды және қайталама сумен жабдықтау;
  • суды үнемдейтін технологияларды енгізе отырып, тұрғын үй-коммуналдық жүйелерді салу және пайдалану;
  • қоғамды суға қатысты насихаттау және тәрбиелеу.

2. Фермерлерді су үнемдеу технологияларын орнатуға ынтыландыру мақсатында субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Онда суармалы жерлерде су алу және беру үшін инфрақұрылымды жүргізу кезінде ұңғымаларды бұрғылауға арналған, сондай-ақ инфрақұрылымды жүргізуге, су үнемдеу технологияларын сатып алуға және орнатуға фермерлердің шығындарын өтеу үлесін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайту көзделген.

3. Суармалы суды нормативтен тыс тұтыну үшін 20%-ға жоғары тарифті енгізу бөлігінде тарифтерді қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.

4. Сондай-ақ, субсидиялар мөлшерін саралау бөлігінде Суару суының құнын субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді (2024 жылғы 1 қаңтардаң бастап қолданысқа енгізіледі). Осы Қағидалар шеңберінде суармалы су беру жөніндегі қызметтерді сатып алуға арналған шығындарды тікелей су берушілерге өтеу көзделген.

5. Қазақстан Республикасының Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды.

Тұжырымдамада су тасқынына қарсы объектілерді қалпына келтіру, 15 су қоймасын және 14 мың шақырымнан астам суару арналарын реконструкциялау және жаңғырту, 9 өңірде жаңа су қоймаларын салу бойынша бірқатар кідіріссіз шаралар көзделеді.

Осы іс-шараларды іске асыру нәтижесінде:

экономиканың салаларында пайдалану үшін 2,4 текше шақырым су жинауға;

– су тасқыны ағынын қауіпсіз жүргізуге және магистральдық және шаруашылықаралық арналар арқылы тасымалдау кезінде су шығынының деңгейін 50-ден 25%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Цифрландыру мақсатында еліміздің 3500 шақырым суару желілеріне қатысты мынадай іс шаралар орындалды:

  • Ұзындығы 444 шақырым Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстарында 18 суару арнасын автоматтандыру жұмыстарын бастайды. Бұл жобалар 2026-2028 жылдары іске асырылатын болады.
  •  2024-2026 жылдары Қызылорда облысының 16 магистральдық және шаруашылықаралық арналарын автоматтандыру және Қызылорда облысының Келінтөбе, Әйтек және Сұңқат 3 каналында суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орната отырып, жобаны жасау және су бекеттерін реконструкциялау іске асырылады. Жалпы ұзындығы – 2 609 шақырым.

6. 2024-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы шеңберінде «Қызылорда облысының Жаңа Шиелі, О-2 каналдарында суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін орната отырып, гидропосттарды реконструкциялау» жобасын жүзеге асады.

Нәтижесінде бұл жобалар суармалы судың шығынын жылына 0,5 текше км-ге азайтуды қамтамасыз етуі және ауданы 362 мың га суармалы жерлердегі судың есебін қамтамасыз етуі тиіс.