USD
USD
USD

Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

14-21 қазан аралығында Семей қаласындағы Abai Arena спорт кешенінде бокстан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Бркс
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Биыл өтетін біріншілікке еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысады: 246 ер және 125 әйел былғары қолғап шебері.

14 қазанда жарыстың жеребесі тартылады. Ал салтанатты ашылу рәсімі 15 қазанға жоспарланған. Финалдық кездесулер 21 қазанда өтеді. Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.

Салмақ дәрежелері:

Ерлер: 50 келіге дейін, 55 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі, 85 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары.

Әйелдер: 48 келіге дейін, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 65 келі, 70 келі, 75 келі, 80 келі және 80 келіден жоғары.

Чемпионатты тікелей эфирде QAZSPORT телеарнасы көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.

Қазақстандықтар БАӘ-де жүргізуші куәлігін емтихансыз айырбастай алады

жолдағы жылдамдық