30 Желтоқсан 08:00
...

12 айдың ұмытылмайтын 12 оқиғасы

Фото:

2019 - еліміз үшін айтулы оқиғаларға толы жыл болды. 28 жыл президент болған Нұрсұлтан Назарбаев басшылықтан кетті. Бұған дейін ел көрмеген әлеуметтік жеңілдіктер жасалды. Жұрт жаңа басшының жүзін көрді. Бір қала қаңырап бос қалды. Ұшақ құлап, ел қара жамылды. Әр айдың ең маңызды жаңалығын еске ала отырып, Nege.kz тарихта қалатын 12 оқиғаны назарларыңызға ұсынады. 

 

Қаңтар

Жастар жылының басталуы. Президент Жолдауы бойынша 2019 жыл "Жастар жылы" деп жарияланды. Ол кезде ел басқарып отырған Нұрсұлтан Назарбаев:

Жастарға не керек - бірінші білім, екіншіден үйленетін болса үй-жай қажет. Жағдай жасалып, жұмыс берілуі тиіс. Төрт нәрсе. Содан кейін бізде «Ауыл - ел бесігі», «Жасыл ел», «Патриоттық сарбаз» деген бағдарлама бар. Оларға арнайы жағдай жасап, жастардың қабілетін көтеруіміз керек, - деді.

Фото: ardak.kz

 

Ақпан

5 қыздың өлімі.  Доңыз жылының ақпаны орны толмас қайғымен басталды. Ақпанның 4-іне қараған түні елорда маңындағы Көктал-1 шағын ауданындағы жеке үйдің ауласындағы уақытша баспана өртеніп, бір отбасындағы жасөспірім бес қыз бала қаза тапты. Бұл оқиға бүкіл республиканы дүр сілкіндірді және мемлекеттің әлеуметтік саясатын 180 градусқа бұрды. Дәл осы оқиғадан кейін көпбалалы отбасыларға әр бала үшін 21 мың теңгеден бөліне бастады, 2 пайыздық ипотека қолға алынды. Аналардың саяси белсенділігі артып, олар митингтерге қатысатын болды. Бар қазақстандықтың әлеуметтік желісіне Кеңшілік Тышқанның төрт шумақ өлеңі тарап кетті:

Қайда жүр деп ата-анамды сөкпеңіз,

Қар үстінде тамақ іздеп кеткен із.

Жер бетінен жайлы орын таба алмай,

Түн ортасы ұшып кеттік көкке біз!

Фото: newtimes.kz

 

Наурыз

Назарбаевтың кетуі. 28 жыл бойы президент болған Нұрсұлтан Назарбаев өз еркімен қызметінен кетті. Бүкіл әлемді елең еткізген жаңалық 19 сағатта, 19 күні, 19 жылы айтылды. Көптеген сарапшы "Назарбаев өзімен бүкіл бір дәуірді ала кетті" десе, қазақстандықтардың көбісі туғалы бері одан басқа ел басшысын көрмегендіктен, абдырап қалды. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл шешімін халықаралық қауымдастық, сарапшылар мен саясаттанушылар жылы қабылдады. Және наурыз айынан кейін Қазақстан ресми түрде "постНазарбаев" дәуіріне көшті.

Фото ©Давид Акопян, facebook.com/davit.hakobyan.52
Подробнее: https://tengrinews.kz/story/on-statnyiy-vzglyad-ochen-silnyiy-armyanskiy-fotograf-328485/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz
Фото ©Давид Акопян, facebook.com/davit.hakobyan.52
Подробнее: https://tengrinews.kz/story/on-statnyiy-vzglyad-ochen-silnyiy-armyanskiy-fotograf-328485/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz
Фото ©Давид Акопян, facebook.com/davit.hakobyan.52
Подробнее: https://tengrinews.kz/story/on-statnyiy-vzglyad-ochen-silnyiy-armyanskiy-fotograf-328485/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz

Фото: Давид Акопян

 

Сәуір

Сайлау мерзімін жариялау. Сәуірде Қазақстан жұрты сайлаудың қай уақытта өтетінін білді. Ол Назарбаевсыз өтетін тұңғыш сайлау болды. Сайлауалды дүбір басталып, түрлі саяси партия мен бірлестік  үміткерлерін атай бастады. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы үміткерлерді тіркеу, оларға тиісті куәлік беру, сайлау участкелерін анықтау жұмыстарына кірісті.

Фото: 24.kz

 

Мамыр

Митинг мәдениеті. Мамыр - Қазақстандағы жаңа митинг мәдениетінің қалыптаса бастаған кезі есебінде тарихта қалады. Нұр-Cұлтан, Алматы қалаларында мамырдың басында наразылық шеруіне шыққан халық өзіне полицияның тарпа бас салмағанын байқап, бұл жағдай әлеуметтік желілерде үлкен пікірталас тудырды. Көптеген сарапшы бұл жылымықты президент міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси шешімімен байланыстыруға асықты. Бірақ бұл шерулер барысында ондаған адам жауапкершілікке тартылды.

«1 мамыр күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында бас прокуратураның ресми үндеуіне қарамастан, рұқсат етілмеген митингілер мен жиындар болды. Акцияға қатысқандарға әлеуметтік және басқа да мәселелері туралы өзінің қоғамдық ұстанымы мен пікірін еркін және ашық айтуға мүмкіндік берілді. Алайда, Нұр-Сұлтан мен Алматыда жиналғандардың кейбірі өзін тым дөрекі ұстап, тыйым салынған экстремистік ұйым «ДВК»-ның ұрандарын айқайлап, қоғамдық тәртіпті бұзды, – делінген ІІМ таратқан ақпаратта. ІІМ хабарлауынша, талапқа бағынбағандықтан, полицияның күшімен қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге шара қарастырылып, оларды ұстауға тура келген. Алматы мен елордада полиция бөлімшесіне 80 адам жеткізілген.

Толығырақ: https://inbusiness.kz/kz/last/iim-80-adamnyn-ustaluyna-katysty-tusinik-berdi
«1 мамыр күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында бас прокуратураның ресми үндеуіне қарамастан, рұқсат етілмеген митингілер мен жиындар болды. Акцияға қатысқандарға әлеуметтік және басқа да мәселелері туралы өзінің қоғамдық ұстанымы мен пікірін еркін және ашық айтуға мүмкіндік берілді. Алайда, Нұр-Сұлтан мен Алматыда жиналғандардың кейбірі өзін тым дөрекі ұстап, тыйым салынған экстремистік ұйым «ДВК»-ның ұрандарын айқайлап, қоғамдық тәртіпті бұзды, – делінген ІІМ таратқан ақпаратта. ІІМ хабарлауынша, талапқа бағынбағандықтан, полицияның күшімен қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге шара қарастырылып, оларды ұстауға тура келген. Алматы мен елордада полиция бөлімшесіне 80 адам жеткізілген.

Толығырақ: https://inbusiness.kz/kz/last/iim-80-adamnyn-ustaluyna-katysty-tusinik-berdi

Фото: azattyq.org

 

Маусым

Арыстағы апат. Жаздың басы республиканы тікелей де, жанама да мағынада дүр сілкіндірді. Арыстың әскери қоймаларындағы алапат жарылыстардан бүтін бір қаланың бар тұрғыны үйлерін тастап, бас сауғалап кетті. Ресми дерек бойынша 3 адам өлді, 70-і жарақат алды. Қайтыс болғандардың бірі - 8 жастағы бала. Қорғаныс министріне сөгіс берілді. Әскери бөлімше басшылығы қамауға алынды. Әскери апаттан кейін Арыс қаласын қайтадан қалпына келтіру басталды. Арыс тек жылдың соңына қарай толық жөнделіп шықты.

Фото: otyrar.kz

 

Шілде

Жосықсыз кеткен жолсеріктер. Өкінішке қарай, жаз-күз уақыты зорлаушылардың белсенділігімен есте қалды. Тальгодағы екі жолсерік - Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязовтың жолаушы келіншекті қосарлап зорлаған қылмысына Қостанай облыстық сотының судьясы Оразбай Сатыбалды екі жарым жылға түрме жазасын кесті. Үкім жұртшылықтың  ашу-ызасын тудырды. Нәтижесінде іс қайта қаралып, желтоқсан айында әйел зорлаған жүгенсіз жолсеріктер 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Фото: ktk.kz

 

Тамыз

Ұлттық кеңес мүшелері. Жаңа президент билік пен қоғам байланысын нығайту мақсатында деп құрған Ұлттық кеңеске кімдер мүше болғаны анықталды. Олардың арасында Айдос Сарым, Мұхтар Тайжан, Ораз Жандосов, Марат Шибұтов, Расул Жұмалы, Арман Шораев секілді саясаттанушы, экономист, қоғам белсенділері бар. Сарапшылардың пікірінше, Ұлттық кеңестің құрылуына елдегі қоғамдық толқулар мен жастар  арасында кең қолдауға ие болған "Оян, Қазақстан", "Мен қазақпын" сынды қозғалыстардың пайда болуы түрткі болды.

Фото: ia-centr.ru

 

Қыркүйек

Шамалғандағы өлім өткелі. Қыркүйектің бел ортасында қазақстандықтар тағы бір жаға ұстатқан сұмдық оқиғаның куәсі болды. Пойыз Шамалған бекетінде теміржол өткелінде тұрып қалған автобусты соғып, автобус жүргізушісі қаза тапты. Автобустағылардың дені сыртқа шығып үлгергенімен, бір жолаушы әйел мен оның екі баласы жансақтау бөліміне түсті. Осы апаттан соң ел көптен сұрап жүрген теміржол үстінен көпір салу қолға алынды.

Еске салайық, апат 15 қыркүйекте шамамен сағат 19.20-да Ақсеңгір - Шамалған пойыз жол өткелінде болған. Жолаушылар автобусының жүргізушісі белгі берілгеніне қарамастан, теміржолға шығып кеткен. Осы кезде автобусты пойыз қағып өткен. Апаттан жүргізуші қаза тауып, тағы үш адам - жолаушы әйел мен оның екі баласы - жансақтау бөліміне түскен. Бұл дерек бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.
Подробнее: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/almatyi-oblyisyindagyi-poyyiz-apatyi-avtobus-jurgzushsnn-379260/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz

Фото: 24.kz

 

Қазан

Көкжайлау тағдыры. Жылдар бойы дауы шешілмей келген "Көкжайлау" шатқалына курорт салу тақырыбына нүкте қойылды. Алматылық белсенділердің табанды қарсылығынан кейін президент Тоқаев бұдан былай Көкжайлауды қозғауға тиым салды. Алматы қаласының жаңа басшылығы курорт құрылысына қатысты шаруаны тоқтатты. Бірақ табиғатқа бәрібір кесірі тиді. Себебі ол жерге құрылысшылар электр стансасын салып үлгерген.

Фото: pikabu.ru

 

Қараша

Әжетханадағы әлімжеттік. Өкінішке қарай адам кейпіндегі айуандар тағы да елді дүрліктірді. Бұл жолы Таразда 7-сынып оқушысын мектеп дәретханасына барған кезде педофил зорлаған. Қылмыскер құрықталып, соттың шешімін күтуде. Бұл жағдай мектептегі әжетханалар проблемасын мемлекеттік масштабқа дейін көтерді. Даладағы әжетханаларға күзет қойылды. Мектептің ішінен әжетханалар салу қолға алынды.

Фото: ktk.kz 

 

Желтоқсан

Bek Air ұшағының апаты. 27 желтоқсан күні таңертең Bek Air әуе компаниясының Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған ұшағы Алматы маңында құлады. Z2100 рейсіндегі ұшақ көтеріле бергенде кенеттен төмен құлдилап, бетон қоршауды бұзып, екі қабатты ғимараттың үстіне құлады. Нәтижесінде 12 адам қаза тапты. Жарақат алған жолаушылардың бірқатары әлі күнге ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Ұшақ бортында 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 желтоқсанды қаралы күн ретінде жариялады. Bek Air қызметі тоқтатылып, Fokker маркалы ұшақтардың ұшуына тыйым салынды.

Тегтер: