USD
USD
USD

Жібек Құламбаева алғаш рет WTA турнирінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Хучжоу (Қытай) WTA 125 турнирінің финалында үздік шықты. 

Б
Фото: ҚТФ

Алматы, NEGE. Жарыстың 2-ракеткалары Жібек Құламбаева мен словениялық Вероника Эрьявец жапониялықтар Момоко Кобори — Аяно Шимицумен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда 6:4 есебі тіркелді. Қазақстандық-словениялық жұп екінші сетте де қарқынын төмендеткен жоқ — 6:2.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде Құламбаева — Эрьявец 11 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Жапониялық дуэт 3 брейктен (4 брейк-пойнт) аса алмады.

Осылайша, Ж.Құламбаева жұптық сында WTA жарысында алғаш рет чемпион болды. Ол бұған дейін жұптық сында ITF додаларында 35 рет топ жарған еді.

Қазір оқып жатыр

Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Гульнара Бажкенова

Қадырбек Шынбаев Азиадада аралас жекпе-жектен Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Қадырбек Шынбаев

Qarmet өндірісті жаңғыртып жатыр: жаңа коксты батареялар мен сортты прокат кешені қашан іске қосылады?

Qarmet

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық