Серік Сәпиевтің арызы бойынша тергеу әлі жүріп жатыр

Қарағанды облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Серік Сәпиевтің арызы бойынша тергеу әлі жүріп жатыр.

gov.kz, instagram./daurenesimkhanov

Алматы, NEGE. Бұл іске қатысты ұрып-соғу дерегі бойынша қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. 

«Полиция қызметкерлері болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жүргізуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген полицияның хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қаңтар күні бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары – самбодан әлем чемпионы Дәурен Есімханов арасында шыққан жанжал соңы төбелеске ұласып, салдарынан боксшы дене жарақатын алған.

Серік Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған, ал Дәурен Есімханов оның орынбасары болған.

Көп ұзамай Сәпиев видеоүндеу жасап, Дәурен Есімхановпен арадағы жанжалдың себебін түсіндірді. Артынша Дәурен Есімханов та мәлімдеме жасады.

Аталмыш жағдайдан кейін Сәпиев те, оның орынбасары Есімханов та қызметінен кетті.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр