Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың себебін түсіндірді

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзінің орынбасары, самбодан әлем чемпионы Дәурен Есімхановпен арадағы жанжалдың себебін түсіндірді.

@serik_sapiyev/Instagram
Фото: @serik_sapiyev/Instagram

Астана, NEGE. Сәпиевтің айтуынша, бұл жеке немесе тұрмыстық жанжал емес.

«Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын менің хабарымсыз заңсыз ротациялауға әрекет жасалған. Бұл іске менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтатуға тырыстым, ал болған жағдай – соның салдары», – деп жазды Сәпиев Instagram парақшасында.

Ол өзін қолдаған қазақстандықтарға алғыс білдіріп, арандатушылықтарға жол бермейтінін айтты.

Айта кетейік, 23 қаңтарда желіде Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімханов төбелескені туралы ақпарат пен соның видеосы тарады. Полицейлер қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сол күні Сәпиев мәселені жабық деп хабарлады. 

Астана дзюдо федерациясының президенті Айдар Махметовтың айтуынша, екеуара дау қызметтік мәселелерге байланысты туындаған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш