USD
USD
USD

Сәпиевке бірден жаңа қызмет табыла кетті

Серік Сәпиев туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының спорт бойынша үйлестірушісі болып тағайындалды.

Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Астана, NEGE. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім былтыр күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында көзделген ротация аясында қабылданған.

«Штаб құрамына Туризм және спорт министрлігінің өкілдері, ұлттық спорт федерацияларының жетекшілері және спорт саласының ардагерлері енді. Олар дайындықтың әрбір кезеңін пысықтап, қойылған міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді», – делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін, яғни 3 ақпанда Серік Сәпиев орынбасарымен болған төбелестен кейін Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы қызметінен босатылғаны хабарланған еді. Басшысымен жаға ұстасқан Дәурен Есімханов та басқармадағы қызметінен кетті.

Еске салсақ, 23 қаңтарда желіде Серік Сәпиевтің орынбасары Дәурен Есімхановпен төбелескені туралы ақпарат пен сол сәттің видеосы тарады.

Көп ұзамай Сәпиев видеоүндеу жасап, орынбасары, самбодан әлем чемпионы Дәурен Есімхановпен арадағы жанжалдың себебін түсіндірді. Артынша Дәурен Есімханов та мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ желіде Сәпиев пен орынбасары арасындағы жанжалға боксшы кінәлі деп танылғаны жөнінде ақпарат тараған болатын.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

жарнама

Әділет министрлігі NCOC-тан 2,3 трлн теңге өндіріп алу неге уақытша тоқтатылғанын түсіндірді

Әділет министрлігі

Павлодарда шиномонтаж қызметкері дөңгелек жарылғаннан кейін қаза тапты

Шиномонтаж