26 Қаңтар 10:06
...

Сәпиев пен орынбасары арасындағы кикілжің: самбошы мәлімдеме жасады

instagram.com/daurenesimkhanov
Фото: instagram.com/daurenesimkhanov

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, самбодан әлем чемпионы Дәурен Есімханов бастығы Серік Сәпиевпен болған жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

Астана, NEGE. Дәурен Есімханов жеке парақшасында жазба жариялап, желіде шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарағанын мәлімдеген.

«Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралуда. Арандатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеуге шақырамын», – деп жазады ол.

Айта кетейік, 23 қаңтарда желіде Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімханов төбелескені туралы ақпарат пен сол сәттің видеосы тарады. Полицейлер қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сол күні Сәпиев «мәселені жабық» деп хабарлады.

Көп ұзамай Сәпиев видеоүндеу жасап, өзінің орынбасары, самбодан әлем чемпионы Дәурен Есімхановпен арадағы жанжалдың себебін түсіндірді.