24 Сәуір 12:24

Салтанат қайтыс болған күні көріпкел Қуандық Бишімбаевтың анасына хабарласқан

Бишімбаев
Фото: Жоғарғы сот

Астанада Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. 

Алматы, NEGE. Сот отырысында Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған күні хабарласқан көріпкел Гүлнар Ережеповадан жауап алынып жатыр.

Сол күні Гүлнар Ережепова Бишімбаевпен сөйлескеннен кейін оның анасы – Альмира Нұрлыбековаға жағдайды баяндап хабарласқан.

«Оған сенің балаң бірдеңе бүлдірген сияқты, олар төбелесіпті, барып біл деп айттым. Анасына анықтап жатпадым, тек олардың төбелесіп жарақаттанғанын ескерттім. Мен тек сезгенімді жеткіздім. Өйткені оның даусынан бір сұмдықтың болғанын түсіндім», – деді көріпкел.