17 Тамыз 12:30

Биыл түлектер қандай мамандықты көп таңдады?

Фото:

Білім және ғылым министрлігі биыл медициналық жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің саны өспегенін мәлімдеді, деп хабарлады InAlmaty.kz.

Алматы, NEGE. Министрлік мәліметінше, маусым айында ҰБТ тапсыруға 131 754 өтініш түскен. Оның ішінде 83 мыңнан астам талапкер шекті балды жинап, жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алды.

Былтырғымен салыстырғанда ҰБТ тапсыруға ниет білдірушілер саны 11% артқан. Үміткерлердің үштен бірі математика-физика пәндерін таңдады – 33%, химия-биология – 20% және математика-география – 12%.

Тегтер: