USD
USD
USD

Қызылорда тұрғыны суретке түсу үшін "Спартандық" дулыға киіп, шеше алмай қалған

Қызылорда тұрғыны естелік үшін суретке түсемін деп қиындыққа тап болды, деп жазады inbusiness.kz.

Қызылорда тұрғыны суретке түсу үшін "Спартандық" дулыға киіп, шеше алмай қалған
Фото: pngtree.com

Қызылорда, NEGE. Ол "Спартандық" дулыға киіп, темір дулығаны басынан шеше алмай қалған. Салдарынан құтқарушыларды шақыруға тура келді.

"Саяхат шағын ауданының тұрғынынан үйіндегі қонақтың басынан темір дулыға шешілмей жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Тұрғынның досы суретке түспек болып, басына темір дулыға киген, алайда оны шеше алмай қалған. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен азаматқа зиян келтірмей, дулығаны шеше алды", – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны